Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeАйтарым бар«Қазақстанда жоқ»: Бас прокуратура Нығматулиннің ағасы туралы мәлімдеме таратты

«Қазақстанда жоқ»: Бас прокуратура Нығматулиннің ағасы туралы мәлімдеме таратты

коллаж. Todayinfo

 

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулин Қазақстаннан қашып кеткен. Бүгін Бас прокуратура ол қандай іс бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды QazNews.kz

Заңдылықты қадағалау органының ақпаратынша, Арғын Нығматулинге қатысты істі Бас прокуратура тергеп жатыр.  Арғын Нығматулиннен басқа бұл істе тағы бірнеше күдікті бар.

«Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға күдікті Арғын Ниғматулин мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында Арғын Ниғматулин күдікті деп танылды, соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргеніне байланысты іздеу жарияланды», — деп хабарлады прокуратура.

Айта кетейік, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы Арғын Нығматулин «Сарыарқа» Қарағанды хоккей клубының негізін қалап, кейін оны басқарған. Бірақ, 2018 жылы клубтың директорлығынан кеткен.

 

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments