Жұма, 9 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпОралда екі жасөспірімнің қазасына қатысты тергеу басталды

Оралда екі жасөспірімнің қазасына қатысты тергеу басталды

Орал қаласында екі жасөспірімнің қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, 2010 және 2012 жылы туған кәмелетке толмағандардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

«Тергеу барысы Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті мен прокуратура басшылығының бақылауында. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады полиция.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 6 қазан күні кешкі уақытта «Құрылысшы» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, көз жұмғандардың бірі колледж студенті, екіншісі мектеп оқушысы болған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр