Дүйсенбі, 23 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстан зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы бойынша әлемде 8-орынға шықты

Қазақстан зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы бойынша әлемде 8-орынға шықты

Қазақстан зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығы бойынша әлемдегі үздік он елдің қатарына енді. Marsh CFA Institute Global Pension Index 2026 халықаралық зерттеуінде Қазақстан 74,4 балл жинап, сегізінші орынға тұрақтады, деп жазады QazNews.kz.

Бұл көрсеткіш зейнетақы жүйесінің болашақтағы міндеттемелерді орындауға қаншалықты дайын екенін бағалайды. Зерттеу кезінде жұмыскерлердің зейнетақы бағдарламаларымен қамтылуы, зейнетақы активтерінің көлемі, халықтың қартаюы және төлем жасау мерзімі сияқты факторлар ескерілген.

Ал әлемдегі 55 елдің зейнетақы жүйесі қамтылған жалпы рейтингте Қазақстан 64,8 балл жинап, 29-орынға орналасты. Елдің қорытынды бағасы – C+.

Зейнетақы жүйесін реттеу, басқару және оған қатысушылардың мүддесін қорғау бағыты бойынша Қазақстан 83 балл жинаған. Сарапшылар жұмыскерлердің зейнетақы жүйесімен кеңінен қамтылуын, азаматтардың құқықтарының қорғалуын және зейнетақы жинақтары туралы ақпараттың қолжетімділігін атап өткен.

Қазақстанның зейнетақы жүйесі бірнеше деңгейден тұрады. Оған мемлекеттік төлемдер, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің міндетті жарналары, сондай-ақ ерікті зейнетақы жинақтары кіреді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр