Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeАйтарым барМешіт әдебін сақтамаған: Сарыағаш мешітіндегі жағдайға қатысты ҚМДБ мәлімдемесі

Мешіт әдебін сақтамаған: Сарыағаш мешітіндегі жағдайға қатысты ҚМДБ мәлімдемесі

фото. Ulysmedia

Сарыағаш мешітінде болған оқиғаға орай ҚМДБ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды QazNews.kz 
Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз.

Айта кету керек, кеше әлеуметтік желіде және ақпарат алаңында Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінің шәкірттері мешіт ұстазына ұқсас ер адамның аяғын уқалап отырғаны туралы видео тарады. Видеодағы  медресенің ұстазы Әбдужаппар Сманов екені белгілі болды. БАҚ өкілдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бұл жайтқа қатысты жауап беруін сұрады.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments