Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция туралы Мәдениет министрлігі мәлімдеме таратты

ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция туралы Мәдениет министрлігі мәлімдеме таратты

Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петицияны назардан тыс қалдырмайтынын  мәлімдеді. Қазір 50 мыңнан аса қол жиналған, деп жазады  министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған QazNews.kz ақпарат агенттігі.

Хабарлама министрліктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды. Онда «E-Petition.kz» ресми порталында «Біз Қазақстанда ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинағаны айтылған. «ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады.

ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды», — делінген хабарламада. Алдағы уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тараптардан, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестік өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырмақ. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments