«Асық атудан» жеңімпаз темір тұлпар тақымдайды. Саяси ұйымның және Асық ату федерациясының атсалысуымен республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды QazNews.kz
2024 жылғы 10-20 қазан аралығында Қазақстанның барлық өңірінде асық атудан «Respublica» аймақтық турнирлері өтеді.
Әр өңірде 21 жастан асқан 40 қатысушы 25 қазанда Астанада өтетін республикалық ашық турнирде өз облысының намысын қорғау үшін бақ сынасатын болады.
Спортшыларға қолдау көрсетіп, үлкен доданың куәсі болыңыз!
Жеңімпаз көлік алады!
Respublica партиясы — дәстүрлерімізді дәріптеп, ұлттық спортты дамытуға күш салады!
Жетісу облысында жарыс 18 қазан өтеді