Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

    15 мая, 2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    12 мая, 2025

    Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

    3 мая, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Суббота, 17 мая
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

      15 мая, 2025

      Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

      3 мая, 2025

      Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

      30 апреля, 2025

      Сенатор Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24 апреля, 2025

      «Debat Eli Academy»: Жазғы маусымдағы зияткерлік демалыс

      10 апреля, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Алматыдағы «Кенжехан» базары әлі Әнипа Назарбаеваның бақылауында ма?
    Басты тақырып

    Алматыдағы «Кенжехан» базары әлі Әнипа Назарбаеваның бақылауында ма?

    9 июня, 20245 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әнипа Назарбаева «Кенжехан» базарын сатып жібергеннен кейін жаңа басшылық саудагерлерге жаңа талаптар қоя бастаған. 2022 жылы 29 наурызда Әнипа Назарбаева «Кенжехан» базарын 633,6 миллион теңгеге сатқан. Сауда орнын қолына алған компания Назарбаев және Мәсімовпен байланысы бар кәсіпкер Сергей Кимге тиесілі, — деп хабарлайды Orda.kz-ке сілтеме жасаған QazNews.kz ақпарат агенттігі.

    Кенжехан базары Әнипа Назарбаеваға тиесілі болған кезде, оның қоластындағылар саудагерлерге сауда орындарына қымбатқа берген. Бір контейнердің өзі 200 мың доллардан басталып мыңдаған долларға дейін жеткен. Ал жалға алу құны 10-12 мың долларға дейін жеткен. Саудагерлерге сауда орындары олардың толық меншігіне айналады деп уәде етілген.

    «Сауда орнын жалға алу құжатында қажет болған жағдайда адамды шарттарды бұзды деп айыптауға болатын тұстары бар. Жалға берушілер әдетте осыны пайдаланады», — дейді Кенжехан базары саудагерлерінің құқығын қорғаумен айналысатын Александр Слепцов. 

    Назарбаева ханым саудагерлердің жалға алу ақшасын алып, чек бермеген кездері де болған. Ұсақ кәсіпкерлер заңды құжаттарға аса мән бермей, жалға алу бойынша келісімшарт жасалғанын дәлелдейтін құжат талап етпеген. Ал құжат талап еткендерді үркітіп, қорқытып немесе мүлде елемей кеткен.

    «Кенжехан» сатылып кеткеннен кейін базардың жаңа иелері бұрынғы әкімшілік берген құжаттардың құны жоқ екенін мәлімдеген. Олар Әнипа Назарбаева берген чектер жалған екенін айтқан. Бастапқыда жалға алушыларға контейнерлерді 325 мың теңгеден жалға алып, нотариалды түрде тіркеп, артынша толық сатып алуды талап еткен. Саудагерлер бұл мәлімдемелерге наразы болған.

    «Жаңа басшылық келгеннен кейін біздің келісімшартымызды ауыстырып тастады. Адамдар жиналып, мүлкімізден айырылғанымызды айтқан соң, бізді заңсыз митинг ұйымдастырды деп айыптады. Бәрі бір схемамен жұмыс істеген: біз келісімшартқа қол қоюға барамыз — сол жерде сауда жасайтын орнымыздың құжатын ұсынуымыз керек. Контейнерлерді сатып алған кезде Әнипа Назарбаева адамдарға құжат ретінде паспорт берген. Ал Кимнің сөзінше, ол паспорттар жарамсыз, себебі Назарбаева заңсыз жұмыс істеген, енді Кимнен өзіміздің мүлкімізді қайтадан сатып алуымыз керек. Жаңа сатып алу шартын компания өздерінің нотариустары арқылы жүргізді. Сауда орнының құны бір миллионнан 5-7 миллионға дейін жетті. Сондықтан 120 адам Алатау аудандық Полиция басқармасына жиналды», — дейді Кенжехан базары саудагерлерінің бастамашыл тобының төрағасы Елена Садвокасова.  

    Оның сөзінше, жаңа әкімшілік саудагерлер ақшасын төлемейінше контейнерлерді ашпайтын көрінеді. Одан бөлек, жалға алу құнын үш есе көтеріліп, саудагерлерге қарапайым манекенді дұрыс қоймаса да айыппұл салып кетіп жүр.

    Еске салайық, бұған дейін «Кенжехан» базарының негізін қалаушы Қуаныш Жаңбырбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаева базарды әдейі банкрот жасады деп айыптаған болатын.

    «Ескі Қазақстанның құрбандары» қозғалысының баспасөз конференциясында Қуаныш Жаңбырбаев базар салу туралы шешімді 1997 жылы қабылдағанын айтады. Бұған дейін 1950 жылдан бері базардың орнында қоқыс жатқан. Кейін ол жер тазаланып, сауда орталығы ашылып, компания «Сұлтан Қорған» ЖШС ретінде тіркелген.

    Бірақ ықпалды адамдардың қолдауынсыз және құқық қорғау органдарының мақұлдауынсыз бұл жобаны қолға алу мүмкін болмаған. Осылайша базар құрылтайшыларының құрамында Әнипа Назарбаева пайда болған. Базардың 30 пайыз үлесі Назарбаеваға тиесілі болған. Бастапқыда ешқандай жанжалсыз жұмыс істеп жүрген құрылтайшылардың арасында бірнеше жылдан соң проблемалар туындай бастаған.

    Компанияның басқа мүшелерінің сөзінше, 2002 жылы Әнипа Назарбаева компанияны әдейі банкроттыққа ұшыратқан. Оның бұрынғы серіктестерінің айтуынша, ол нарықты өз қолына алып, оны алдын ала тіркелген «Кенжехан» ЖШС-не қайта ресімдеп алған.

    Банкроттық кезінде «Сұлтан Қорған» ЖШС құны 41 мың теңгеге бағаланған, ал экономикалық сараптама бойынша құрылтайшылар базарды салуға 44,9 миллион теңге жұмсаған.

    «Ернат Сыбанқұлов (сол кездегі Медеу ауданы прокурорының көмекшісі) келіп, жалған келісім жасап, компанияның 50 пайызын Әнипа Назарбаеваға, қалған 50 пайызын өзіме қалдыруды ұсынды. Мен бас тарттым. Сөйтіп ол (Назарбаева-авт.) жаңа «Кенжехан» ЖШС құрып, «Сұлтан Қорғанды» банкрот жасап, компанияның жалғыз құрылтайшысы болып қалды. Біз арыз жаздық, қылмыстық іс қозғалды», — дейді Жаңбырбаев.

    Қазіргі таңда Қуаныш Жаңбырбаев сол кездегі жағдайға қатысты тергеу әділ өткенін қалап отыр. Бірақ, базардың негізін қалаушы азаматтың сөзінше, тергеу әлі жүрмей жатыр. Себебі іске Ернат Сыбанқұловтың қатысы бар. Ол прокурордың көмекшісі қызметінен кейін еліміздің Бас көлік прокуроры қызметіне дейін жеткен. Сыбанқұлов 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткенімен Бас прокуратурадағы ықпалы әлі де жоғары көрінеді.

    Әнипа Назарбаева базар Кенжехан
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    12 мая, 2025

    Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

    3 мая, 2025

    Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

    30 апреля, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 551 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 266 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 374 Views

    Ораза айтта 9 күн демалыс жарияланды

    27 марта, 20252 012 Views
    Оқылып жатыр
    15 мая, 2025

    Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

    Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы мәдениет үйінің…

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    12 мая, 2025

    Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

    3 мая, 2025

    Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

    30 апреля, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.