Сенбі, 24 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарАлматы облысында екі пойыз соқтығысты

Алматы облысында екі пойыз соқтығысты

Алматы облысында екі пойыз соғылды, деп жазады QazNews.kz

11 желтоқсанда сағат 01:50-де Отар-Алматы учаскесіндегі Қопа станциясында жүк пойызының машинисі электровозбен соқтығысқан.

«Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бұл бөлікте пойыз қозғалысы тоқтаған жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайын және себептерін анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» орталық аппаратының өкілдері тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеріс аяқталғаннан кейін кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады», — деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында пойыз төрт жұмысшыны басып кеткені хабарланды.

10 желтоқсанда сағат 17:15-те Мойынты-Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражанғыл аралығында жүк пойызы қозғалып келе жатқан кезде машинист шұғыл тежеген. Осы кезде Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан.

Төрт жұмысшы жарақаттан көз жұмды.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments