Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі саланы дамытуға бағытталған нақты шешімдерді жүзеге асыруда, деп жазады QazNews.kz
Енді мал азығын дайындауға арналған техникалар жеңілдікпен қаржыландырылады. Жылдық мөлшерлеме — небәрі 5 пайыз. Бұл мақсатқа 50 миллиард теңге бөлініп, мал азығы базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен мал шаруашылығына арналған айналым қаражаты қарастырылған. Оның да жылдық мөлшерлемесі — 5 пайыз, ал жалпы қаржы көлемі 225 миллиард теңгені құрайды.
Бұл шаралар өндірістік циклдің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мал басын көбейтуге, өнімділікті арттыруға және саланың тұрақты дамуына жол ашады.
Мал шаруашылығы — ел экономикасының маңызды саласы.
Жаңа қолдау — ауылдың дамуы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігіне берік негіз.


