Бүгін таңертең Air Astana әуе компаниясының Алматы–Астана бағытындағы рейсі жоспардан бұрын Алматы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп жазады QazNews.kz
Әуе компаниясының хабарлауынша, оқиға сағат 07:38-де болған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін салон ішінен түтін байқалып, экипаж апаттық қону сигналын жариялаған.
Борт сағат 07:40-та Алматы әуежайына сәтті қонған.
«Ұшақтағы барлық жолаушы мен экипаж мүшелері дін аман. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады компания өкілдері.
Қазіргі уақытта түтіннің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға бойынша тексеру басталды.
