Сенбі, 14 марта, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпРудныйда көше атауларының қазақшалануына қарсы болған депутат анықталды

Рудныйда көше атауларының қазақшалануына қарсы болған депутат анықталды

Рудный қаласында Иван Франко көшесін – Әлия Молдағұлова, ал «50 лет Октября» көшесін – Достық деп қайта атау мәселесіне қарсы шыққан жалғыз депутаттың аты белгілі болды, деп жазады QazNews.kz 

Қарсы дауыс берген — AMANAT партиясынан сайланған мәслихат депутаты, «ССГПО» АҚ-на қарасты «Горняк» ойын-сауық орталығының директоры Валерий Гирфанов. Қалған 14 депутаттың 12-сі көше атауларын өзгертуге қолдау білдірді.

Екатерина Корчагина

Еске салайық, 21 қарашада өткен қоғамдық тыңдауда белсенді Екатерина Корчагинаның өрескел сөзі мен тәртіп бұзуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ол Кеңес дәуірін дәріптеп, «регламентке түкіргенім бар» деп айқайлағаннан кейін полиция қызметкерлері тарапынан залдан күштеп шығарылды.

Әлеуметтік желі қолданушылары оның әрекетін сынға алып, кейбірі e-otinish арқылы шағым жазған.

Жергілікті тұрғындар Рудныйда қазақ тілінің мәртебесі өте төмен екенін айтып, қаланың өз атауын да қазақыландыру қажет деген пікір білдіруде. Ұсыныстар қатарында Кеңқала, Сарыбай атаулары айтылды.

Айта кетейік, мәслихат шешімі түпкілікті емес — өзгерістерді енді республикалық ономастикалық комиссия қарап, мақұлдауы тиіс.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр