Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Анкарада өткен тоғызқұмалақтан Азия Кубогында Қазақстан бірінші орын алды

    23 декабря, 2025

    «Маған қазақ тілі керек емес»: Шымбұлақтағы мейрамхана айналасында жанжал шықты

    23 декабря, 2025

    Жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдауы тиіс

    23 декабря, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Среда, 24 декабря
    • Басты
    • Саясат

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті
    Жаңалықтар

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    6 ноября, 202516 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Күні кеше Үкімет «Заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы» бекітті. Ондағы мақсат — қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін қалыптастыру, азаматтардың заңға бағынып, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру. Осыған орай І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті алғашқылардың бірі болып студенттерге «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында облыстық құрылымдық күштер саласының мамандарымен кездесу өткізді.

    Кездесуге Жетісу облысы прокуратурасының прокурорлары, Жетісу облысы Полиция департаменті кинология қызметінің мамандары қатысты. 

    Фото: Жетісу университеті

    Кездесу барысында прокуратура өкілі студенттерге заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы туралы айтты.
    «Құжат азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сот төрелігіне қолжетімділікті әрі қарай қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Әрбір азамат басқа адамдардың құқықтарын құрметтеумен қатар, құқықтық тәртіпті белсенді түрде сақтауы керек» -деді прокурор Ялкун Исмаил.

    Жетісу облысы Кинология қызметі орталығының аға инспектор-кинологы, полиция капитаны Мақсат Маматжанов жастарға кинология қызметі, қызметтік иттерді дайындау, жаттықтыру және оларды түрлі қылмыстардың ізін ашуда қолдану бағытындағы жұмыстарымен таныстырды. Студенттерге полиция қызметкерлерінің күнделікті еңбегі мен қызметтік иттердің қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы жан-жақты ақпарат берді. Кездесу соңында қызметтік иттердің із кесу, есірткі заттарын анықтау және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша түсірілген бейнебаян көрсетілді.

    Жалпы мұндай кездесулер студенттерге құқықтық білім беру тәжірибесін енгізуге, нақты жағдайларда құқықтық білімді тиімді қолдану қабілетін дамытуға септігін тигізеді. «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыруға бағытталған шаралар әлі де жалғасады.

    Жетісу университеті Заң және тәртіп
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Анкарада өткен тоғызқұмалақтан Азия Кубогында Қазақстан бірінші орын алды

    23 декабря, 2025

    «Маған қазақ тілі керек емес»: Шымбұлақтағы мейрамхана айналасында жанжал шықты

    23 декабря, 2025

    Жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдауы тиіс

    23 декабря, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 555 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 379 Views
    Оқылып жатыр
    23 декабря, 2025

    Анкарада өткен тоғызқұмалақтан Азия Кубогында Қазақстан бірінші орын алды

    2025 жылғы 16–22 желтоқсан аралығында Түркия Республикасының Анкара қаласында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Түркия Тоғызқұмалақ…

    «Маған қазақ тілі керек емес»: Шымбұлақтағы мейрамхана айналасында жанжал шықты

    23 декабря, 2025

    Жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдауы тиіс

    23 декабря, 2025

    Қазақ елі Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салды

    23 декабря, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.