Сенбі, 7 марта, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарАлматыда «Қала күні» кең көлемде аталып өтті

Алматыда «Қала күні» кең көлемде аталып өтті

Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, еліміздіңмәдениеті мен өнерінің ордасы, қаржы мен кәсіпкерліктің ірі орталығы саналатын Алматы қаласында дәстүрге айналған «Қала күні» мерекесібиыл да жоғары деңгейде аталып өтті.

Аталған мерекеге орай 15–21 қыркүйек күндеріаралығында қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына арналған түрлі мәдени іс-шараларұйымдастырылды. «Алатау» дәстүрлі өнертеатрының шығармашылық ұжымы мереке аясындаұлттық өнеріміздің асыл қазыналарын паш етіп, әсем әуенге толы мазмұнды концерттерін ұсынды.

Алматы әкімі — Дархан Сатыбалды

Мерекелік шаралар 15–19 қыркүйек күндері«Алматы аялдамасы» атты мобильді концерттікжобамен басталып, қала көшелері мен тарихиорындарында жалғасты. 20 қыркүйекте «Президент саябағында» «Асыл Қазына» дәстүрлі ән-күйконцерті және «Qazaqsha терапия» жобасының«Ғасырлар үні» қойылымы өтті.

21 қыркүйекте «Астана алаңында» аты аңызғаайналған «Дос-Мұқасан» ансамблі мен театр әртістері «Алматы кеші» концертін ұйымдастырып, жұртшылыққа ерекше мерекелік көңіл-күйсыйлады.

Ұлттық өнерді дәріптеуді басты мақсат еткентеатр мереке күндері Алматы жұртшылығыныңрухын көтеріп, төл мәдениетіміздіңқұндылықтарын насихаттауға айрықша үлес қосты.Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының бастамасыменөткен іс-шаралар Алматының мәдени астаналықмәртебесін айқындай түсіп, ұлттық өнеріміздідәріптеуге ықпал етті.

Ардақ Беркімбай

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр