Дүйсенбі, 9 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарRespublica партиясы парламенттік фракциясының бастамасы күшіне енді

Respublica партиясы парламенттік фракциясының бастамасы күшіне енді

 

Енді әскери қызметшілер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына түсе алады. Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің бастамасымен заң жобасы парламент қарауына енген еді, деп жазады QazNews.kz

Нақтырақ айтсақ, енді сарбаздар әскери борышын өтеп жүргенде және одан кейінгі екі ай ішінде несие мен банк алдындағы қарыздарын төлеуден босатылады. Бұл олардың қызмет барысында қаржылық міндеттемелерге алаңдамауына мүмкіндік береді

«Срочник 2.0» бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында үздік әскери қызметшілер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантпен оқуға түсе алады.

Сондай-ақ олардың бірінші оқу жылы жатақханадан орын алуына басымдық беріледі. Бұл жастарға әскери қызметтен кейін бірден өмірге бейімделіп, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр