Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетСпортХоккей: «Барыс» бүгін «Авангард» командасымен кездеседі

Хоккей: «Барыс» бүгін «Авангард» командасымен кездеседі

 

 

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 5 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды QazNews.kz

Ойын елорда уақытымен 16:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 77 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі төрт кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын сырт айдында өткізіп, 7 қазанда «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен шеберлік байқасады.

фото olympic.kz

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр