Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Румынияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс мәреге жетті

    17 июля, 2025

    Алматы жолдарынан жарты жылда 400 сынама алынды

    12 июля, 2025

    Ұлттық болмыс пен заманауи стильдің үндестігі

    9 июля, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Четверг, 31 июля
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Алматы жолдарынан жарты жылда 400 сынама алынды

      12 июля, 2025

      Алматы жолдарының сапасы: бақылау мен жауапкершілік қатар жүруде

      23 июня, 2025

      Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

      15 мая, 2025

      Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

      3 мая, 2025

      Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

      30 апреля, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Парыз бен абырой
    Жаңалықтар

    Парыз бен абырой

    9 августа, 202465 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тарихта  медбикелердің басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігіп, батылдық пен жанқиярлық танытқандары туралы көптеген мысалдар бар. Мысалы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде мыңдаған әйелдер жаралыларға көмек көрсету үшін далалық ауруханаларда жұмыс істеді. Олардың жұмысы көлеңкеде қалып қалатын жағдайлар да болатын, бірақ медбикелердің медицина саласында айтарлықтай өз орындары бар.

    Солардың бірі аға сержант Гүлзира Қожағұлова, ол 20 жылдан астам уақыт Тараз қаласындағы Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде фельдшер болып қызмет атқарады.

    Гүлзира Бердікұлқызы 1982 жылы 14 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көктал ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Отбасында Гүлзирадан басқа  4 бала болды. Кейіпкеріміз 1999 жылы туған жеріндегі Көктал орта мектебін жақсы аяқтап, бала күнінен армандаған медицина маманыүшін Жамбыл облыстық медицина колледжіне түсіп, 2002 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алып шықты. Сол жылы жеке емханада медбике болып еңбек жолын бастады.

    Отан алдындағы борышын өтеп келген ағаларының әскери киімдері оған қатты ұнайтын,сондықтан да болар әскери адам болуға қызықты. Сол арманы 2003 жылы Ұлттық ұлан қатарына келіп қосылуға жетеледі. 2008 жылға дейін 5513 әскери бөлімінің медциналық пунктінің медбикесі болып қызмет атқарды. Әрі қарай Гүлзира Бердікұлқызысержант—фельдшер, медициналық пунктің аға маманы лауазымдарында қызмет етті. Әскери фельдшердіңқызметі өз батальонымен, жеке құраммен біте қайнасып өтіп жататын. Олай дейтініміз, Гүлзира қызметте де, бөлімнің ішкі тұрмысында да әрқашан жеке құраммен бірге еді. Олардың денсаулығын әрдайым қадағалап, назарында ұстап отырды.

    ​Бір жылдары Гүлзира әдеттегідей жұмысқа келе жатқанда, жол апатына түсіп, қатты қиналып жатқанер адамды көреді. Бұл жағдайда уақыт созуға болмайтындығын бірден түсінген Гүлзира қажетті медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Осылай ол  өз ісінің маманы екендігін тағы бір дәлелдеген.

    2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде декреттік демалыста болғанына қарамастан, жұмысқа шығып,әріптестеріне көмектескен де болатын.

    ​Әйелдердің әскери қызметке келуі олардың мүмкіндіктері мен кәсіпқойлығын көрсетеді. Соңғы онжылдықта нәзік жандылардың әскери қызметтегі рөлінің айтарлықтай өзгергеніне куә болдық. Бүгінгі күнде әскери мамандықты таңдайтын әйелдердің қатары артып, өздерінің күш-қуатын, кәсібилігін және қызметке берілгендігін көрсетуде.

    2024 жылы әйелдер арасында Тараз қаласында өткен Макаров тапаншасы мен АК-47 қаруынан ату жарысында Қожағұлов Гүлзира аса мергендігімен көзге түсіп, 1-орын иеленді. Бұл оның тек медицина саласында ғана емес, жауынгерлік дайындығы жағынан үлкен тәжірбиесі бар екенін көрсетеді.​

    — Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп жүргенімді абырой санаймын. Өзіме қызметім қатты ұнайды.Әскери қызметтегі жиырма жылымда мен нағыз тәртіппен командалық күштің кез келген қиындықты жеңе алатынын білдім. Менің қызметім маған кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар өз қабілеттеріме сене білуді берді. Мен қызметтегі әрбір күнімді мақтан тұтамын және сынақтарға дайынмын. Кез келген мұқтаж жанға көмектесуге тырысамын. Әскери қызметтен бөлек, өнерге де жақындығым бар, ән айтқанды, биді ұнатамын. Сүйікті ісім – гүл өсіру. Түрлі гүлдерді күтіп-баптағанды жақсы көремін, — дейді өзі жайлы Гүлзира Бердікұлқызы.

    2004 жылы Гүлзира Бердікұлқызы Асхат Амалбекұлының ұсынысын қабыл алып, екеуі шаңырақ көтерген еді. Жұбайы Жамбыл облысындағы  «КАЗФОСФАТ» заводында жұмыс істейді. Сүттей ұйыған отбасында төрт бала тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Азамат – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универитетінің 2 курс студенті. Қызы Сымбат – 9 сынып оқушысы. Үшініші перзенті Нұрхат 3 сыныпқа қадам басады. Кенже ұлы Самғат –  балабақшада.

    2024 жылдың маусым айынан бастап, қызметтік қажеттілікке байланысты Қожағұлов Гүлзира атқыштар батальонына бақылаушы болып ауысып келді. Бақылаушылар түрмеге кіруге тыйым салынған заттарды немесе қылмыс жасау үшін пайдаланатын заттардың кіруін болдырмауын қадағалайды. Бақылаушы мамнының тағы бір міндеті – түрмеге жақындарымен кездесуге келген адамдарды тексеру.

    Гүлзира бұл қызметке жуырда келгеніне қарамастан, өз ісінің маманы екенін бірнеше рет дәлелдеп үлгерді. Жақында қысқа мерзімге көрісуге келген адамдарды тексеру барысында, бірінің беліне тыйым салынған затты скотчпен орап алғанын байқап, әрі қарай өтіп кетуіне жол бермеді. Осы әрекетімен нағыз бақылаушыға тән қырағылық танытты.

    Бүгінгі күні Гүлзира Бердікұлқызы ер адамдармен иық тірестіріп, қызметін абыройлы жалғастырып келеді. Оның қызметтегі әрбір жетістігі, отбасықұндылықтарын бағалай білуі – жастар үшін үлгі аларлық қасиеттер. Аға сержант Гүлзира Қожағұлованың қызметін бөлімнің қолбасшылығы ескерусіз қалдырмайды, оған жоғары қолбасшылық тарапынан берілген көптеген марапаттар дәлел, сонымен қатар Гүлзира Бердікұлқызы ІІІ, ІІ, І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарының иегері.

    Курсант Әлішер АСҚАРБЕК,

    Алматы – Тараз

    абырой Әскер Ұлттық Ұлан
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Алматы жолдарынан жарты жылда 400 сынама алынды

    12 июля, 2025

    Ұлттық болмыс пен заманауи стильдің үндестігі

    9 июля, 2025

    «Агенты влияния»: казахстанские школьники впервые приняли участие в престижном дебатном чемпионате AWSDC

    5 июля, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 552 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 271 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 374 Views

    Ораза айтта 9 күн демалыс жарияланды

    27 марта, 20252 012 Views
    Оқылып жатыр
    17 июля, 2025

    Румынияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс мәреге жетті

    2025 жылғы 4-14 шілде аралығында Бухарест (Румыния) қаласында тоғызқұмалақтан 13, 15, 17 жасқа дейінгі ұлдар…

    Алматы жолдарынан жарты жылда 400 сынама алынды

    12 июля, 2025

    Ұлттық болмыс пен заманауи стильдің үндестігі

    9 июля, 2025

    «Агенты влияния»: казахстанские школьники впервые приняли участие в престижном дебатном чемпионате AWSDC

    5 июля, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.