2024 жылдың ең мықты төлқұжаты анықталды, бұл рейтингті Канада немесе АҚШ көш бастап тұрған жоқ. Бұл туралы QazNews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сингапур төлқұжаты әлемдегі ең күшті құжат болып танылды. Индекске сәйкес, бұл төлқұжат иелері 159 елге, соның ішінде Шенген аймағына, Аустралияға, Ұлыбританияға және АҚШ-қа визасыз кіруге құқылы. Мысыр, Сауд Арабиясы және Кувейт сияқты басқа 27 ел оларға келген кезде виза береді.
Екінші орында – италиялық төлқұжат. Олар 102 елге визасыз бара алады. Сонымен қатар италиялықтар электронды визамен тағы 10 елге бара алады.
Мықты төлқұжаттар:
- Сингапур;
- Италия;
- Испания;
- Франция;
- Венгрия;
- Австрия;
- Ирландия;
- Нидерланды;
- Бельгия;
- Швейцария.
Германия 19-орынға ие болды. Немістер 91 елге визасыз бара алады, бірақ Ұлыбританияның төлқұжаты одан да төмен. Бұл елдің құжаты 29-орынға тұрақтады.
Ең нашар төлқұжатқа келетін болсақ, ол Сомали азаматтарына тиесілі құжат деп танылды. Олар 169 елге визамен бара алады.
Қазақстан бұл рейтингте 108-орында.