Жұма, 27 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАлматыда студенттерді Қырғызстаннан дропперлікке тартқан

Алматыда студенттерді Қырғызстаннан дропперлікке тартқан

Алматыда криптовалюта операцияларына арналған дропперлер желісін ұйымдастырған үш адам анықталды. Олар Қырғызстаннан студенттерді Қазақстанға әкеліп, банк шоттарын пайдаланғаны үшін ақша төлеген, деп жазады QazNews.kz.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер шетелдік студенттердің жол шығынын төлеп, оларды Қазақстанға шақырған. Студенттер ақшалай сыйақы үшін банк шоттарына қол жеткізу мүмкіндігін берген. Кейін олар еліне қайтып кеткен.

Күдіктілер бұл шоттарды USDT криптовалютасын сатып алу және сату үшін пайдаланған.

Сонымен қатар олар «SkyPhoenix» платформасы арқылы «Pinco», «Pinup», «Nomad Games», «Sultan Games» және басқа да онлайн-казинолардың қаржылық операцияларына қызмет көрсеткен.

«Түскен қаражаттың 4 пайызы көлемінде сыйақы алу үшін күдіктілер ойыншылардан төлем қабылдауды, ұтыстарды төлеуді және казино ұйымдастырушыларының кірістерін криптовалютаға айналдырып, шығаруды қамтамасыз еткен. Дропперлердің банк шоттарына түскен қаражаттың жалпы көлемі 3,6 млрд теңгеден асты», – деп хабарлады ҚМА.

Қазір екі күдікті үйқамақта отыр. Сот үш автокөлік пен жер учаскесіне тыйым салған.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр