Түркия Республикасының Амасия қаласында 14–20 қараша аралығында тоғызқұмалақ спортынан жастар арасындағы U-19 әлем чемпионаты басталды, деп жазады QazNews.kz.
Әлемнің әр түкпірінен жиналған жас спортшылар әлем чемпионы атағы үшін бақ сынап, өз шеберліктері мен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетеді.

Амасия университетінің спорт залында өтіп жатқан дүбірлі додаға әлемнің 12 елінен 70-тен астам спортшы келген. Ауғанстан, Бангладеш, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Колумбия, Литва, Түрікменстан, Түркия , Украина, Румыния және Чехия елдерінен командалар қатысып жатыр.

Жас спортшылар әлем чемпионы атағы үшін бақ сынап, өз елдерінің намысын қорғайтын болады. Қазақстан құрамасына сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрініп, көк туымызды биіктен желбірететін Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз!

Тоғызқұмалақ – әлемді біріктірген зияткерлік спорт. Түркиядағы U-19 әлем чемпионатының бас серіктесі – @samrukkazyna_official, ал серіктесі – @sportqory.



