Дүйсенбі, 16 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпТауық жұмыртқасын импорттауға тыйым салынды

Тауық жұмыртқасын импорттауға тыйым салынды

Ауыл шаруашылығы министрлігі елге тауық жұмыртқасын әкелуге тағы екі айға тыйым салды, деп жазады QazNews.kz.

Осылайша 2026 жылдың сәуір айынан қазанына дейін қойылған шектеу мерзімін ұзартып отыр. Енді жыл аяғына дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен де жұмыртқа тасымалдауға тыйым салынады.

Құжат нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланған. Алайда ел аумағы арқылы тауық жұмыртқаларын транзитпен өткізуге, экспорттың кедендік рәсіміне орналастыруға, сондай-ақ бұйрық күшіне енгенге дейін елге әкелінген жұмыртқаларды сатуға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, 2025 жылы республикада тағамдық тауық жұмыртқасын өндіру көлемі 2,4%-ға артып, 4,569 млрд данаға жетті. Отандық өндіріс ішкі нарық қажеттілігінің 98%-ын жабады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр