Дүйсенбі, 16 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда балаларға арналған жеке куәлік енгізілуі мүмкін

Қазақстанда балаларға арналған жеке куәлік енгізілуі мүмкін

Қазақстанда балаларға фотосуреті бар жеке куәлік (ID-карта) беру ұсынылды. Бастама баланың жеке басын анықтап, оны сәйкестендіруді жеңілдетуге бағытталған, деп жазады QazNews.kz.

Биыл жыл басында қабылданған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін депутаттар үш заң жобасын әзірлеген.

Құрылтайда өткен Үкімет сағатында Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Зәкиева заң жобалары аясында балаларға арналған ID-карталарды енгізу мәселесі қарастырылғанын айтты.

«Жобада баланың жеке басын нақты анықтауға және сәйкестендіруге мүмкіндік беретін балалардың фотосуреті бар ID-карталарын енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибе іске асырылды. Бұл балалардың қауіпсіздігін және бала құқықтарының іске асырылуын цифрлық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Әртүрлі бағыттар бойынша барлығы 120-дан астам түзету бар», – деді ол.

Айта кетейік, әзірге балаларға арналған ID-карта енгізу туралы шешім қабылданған жоқ. Қазір бұл мәселе ұсыныс ретінде қарастырылып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр