Бейсенбі, 12 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда 729 адам әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тартқан

Қазақстанда 729 адам әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тартқан

Қазақстанда 729 адам мемлекеттен алатын әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тартқан, деп жазады QazNews.kz.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың қазан айында іске қосылған «Әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту» цифрлық сервисін осы уақытқа дейін 729 қазақстандық пайдаланған.

Министрлік 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің 36 түрінің 12-сі бойынша мемлекеттік қолдау атаулы сипатқа ие болатынын еске салды. Яғни көмек шынымен мұқтаж азаматтарға бағытталады.

Сонымен қатар министрлік әлеуметтік төлемдерден бас тарту міндетті талап емес екенін атап өтті. Бұл – азаматтың өз еркімен қабылдайтын шешімі.

Егер адамның өмірлік жағдайы өзгерсе, ол мемлекеттік қолдау алу үшін қайтадан өтініш бере алады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр