Бейсенбі, 12 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырып«ҚАЖсервис» филиалында 34,8 млн теңгенің қаржылық заңбұзушылығы анықталды

«ҚАЖсервис» филиалында 34,8 млн теңгенің қаржылық заңбұзушылығы анықталды

«ҚАЖсервис» 34,8 млн теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылықтарды құқық қорғау органдарымен бірлесіп тергеп жатыр, деп жазады QazNews.kz.

«ҚАЖсервис» ЖШС Атырау облыстық филиалында 34,8 млн теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылықтар компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген ішкі талдау барысында анықталғанын хабарлады.

Атап айтқанда, филиалдың бұрынғы бас бухгалтерінің жеке банк шоттарына негізсіз ақша аудару деректері анықталды. Бұл заңбұзушылықтар 2026 жылғы 3 ақпанда құжат жүзінде тіркелді.

Компания анықталған деректер бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына өз бастамасымен жолдады. Тергеу жүргізіп, заңда көзделген шараларды қабылдау үшін 2026 жылғы 5 ақпан мен 26 наурызда Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тиісті өтініштер берілді.

«ҚАЖсервис» ЖШС прокуратура және экономикалық тергеп-тексеру органдарымен бірлесіп, анықталған заңбұзушылықтардың барлық мән-жайын анықтау бағытында жұмыс жүргізуде. Компания уәкілетті органдарға қажетті қолдау көрсетуді жалғастырады. Негізгі мақсат – істің жан-жақты әрі объективті тергелуіне, кінәлі тұлғалардың заң аясында жауапқа тартылуына және келтірілген залалдың өтелуіне қол жеткізу.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр