Сейсенбі, 10 ноября, 2026
spot_img
Басты бетӘлемМысырда екі пойыз соқтығысып, жеті адам қаза тапты

Мысырда екі пойыз соқтығысып, жеті адам қаза тапты

Мысырда екі пойыздың соқтығысуы салдарынан жеті адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында пойыздардың бірінің машинисі бар. Тағы кемінде 100 жолаушы жарақат алған, деп жазады QazNews.kz.

Оқиға Гиза мен Каир қалаларының оңтүстігінде болған. Соқтығысудан кейін бірнеше вагон рельстен шығып, теміржол жағалауынан құлаған.

Қазіргі уақытта құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Мысыр президенті Абдул-Фаттах әс-Сиси пойыз апатына қатысты тергеу жүргізуді тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр