Жұма, 30 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпШымкенттен Түркияға 227 млн теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Шымкенттен Түркияға 227 млн теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Шымкенттен Түркияға 227 млн теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды qaznews.kz.

Сот үкімі шыққанға дейін құны 227,8 млн теңге 2,8 келіге жуық алтын мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл шешім Бас көлік прокуратурасының өтінішхаттары негізінде қабылданды.

Өзбекстан азаматтары бағалы металды Шымкент әуежайы арқылы Түркияға заңсыз алып кетпек болған.

Алтынды кедендік бақылаудан жасыру үшін оның бөлшектерін шабадандардың ішкі астарына және жүк қаптамаларына жаққан.

Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр