Жұма, 30 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚостанай тұрғыны TikTok желісінде бейәдеп сөздер қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Қостанай тұрғыны TikTok желісінде бейәдеп сөздер қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Қостанай қаласының 29 жастағы тұрғыны Сергей Шильниковтың TikTok әлеуметтік желісінде бейәдеп сөздер қолданғанын анықтады, деп хабарлайды qaznews.kz.

Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Сот шешімімен оған әкімшілік айыппұл салынды.

Полиция әлеуметтік желілердің қоғамдық кеңістік болып саналатынын және қоғамда белгіленген мінез-құлық нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Тәртіп сақшылары азаматтарды интернетте қарым-қатынас жасау кезінде қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр