Жамбыл облысында 400-ге жуық мал ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды qaznews.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше мал ұрлығы дерегіне қатысы бар деген күдікпен төрт адамды ұстады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олардың осы жылдың шілде-қазан айлары аралығында Байзақ ауданының аумағында болған төрт мал ұрлығы дерегіне қатысы бар екені анықталды.
Сол уақытта қоралардан және жайылымдардан жалпы саны 384 бас ұсақ малды қолды болған. Жалпы материалдық шығын 34 млн теңге.


