АҚШ президентінің кеңесшісі Алекс Брусевиц Владимир Зеленскийдің соғысты аяқтауға мүдделілік танытпай отырғанын мәлімдеді. Оның пікірінше, Украина басшысының жақын ортасындағы адамдар соғыстан «бұрын-соңды болмаған деңгейде» пайда тауып отыр, деп хабарлайды qaznews.kz.
Брусевиц Владимир Зеленскийдің әрекетін «ұятты» деп атап, Украинаны жаңа басшылық таңдауға шақырды.
«Президент Дональд Трамп дұрыс айтады. Зеленский бұл соғысты аяқтауға шынайы мүдделілік танытып отырған жоқ. Мұның себебі оның жақын ортасындағы адамдардың, шамасы, осы жағдайдан бұрын-соңды болмаған деңгейде пайда тауып отырғанында болуы мүмкін. Ал қарапайым украиналықтар орасан зор қиындықты бастан кешіруде. Бұл – ұятты әрекет. Украинаның жаңа басшылық таңдайтын уақыты келді», – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.


