Жұма, 16 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАлматы тұрғындары су мен кәріз қызметіне 500 млн теңгеден астам қарыз

Алматы тұрғындары су мен кәріз қызметіне 500 млн теңгеден астам қарыз

Алматы тұрғындарының су және кәріз қызметтері үшін берешегі жарты миллиард теңгеден асты. «Алматы Су» компаниясының мәліметінше, оның шамамен 250 млн теңгесі көпқабатты үйлерде тұратын азаматтарға, ал 300 млн теңгеден астамы жеке сектор тұрғындарына тиесілі, деп хабарлайды qaznews.kz.

Компания өкілдері коммуналдық қызмет ақысын әр айдың 25-іне дейін, осы күнді қоса алғанда төлеу қажет екенін еске салды. Ал 26-сынан бастап төлемді кешіктіргені үшін өсімпұл есептеле бастайды.

Егер тұтынушы қарызын ұзақ уақыт өтемесе, су беру шектелуі немесе толығымен тоқтатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда қызмет көрсетуші тұтынушыны үш күн бұрын ескертуге міндетті.

Сонымен қатар берешек сот арқылы өндіріліп алынуы мүмкін. Бұл жағдайда тұтынушы негізгі қарыз бен өсімпұлды ғана емес, сот шығындарын да төлеуге мәжбүр болады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр