Жұма, 16 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда заңды тұлғалардың мүлкі туралы деректер салық органдарына беріледі

Қазақстанда заңды тұлғалардың мүлкі туралы деректер салық органдарына беріледі

Қазақстанда Мемлекеттік кірістер органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өзара іс-қимыл қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Енді мемлекеттік корпорация салық органдарына салық салу нысандары бар заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелері мен шаруа (фермер) қожалықтарының мүлкі туралы қосымша мәліметтерді күн сайын беріп отырады.

Ақпарат Smart Data Finance жүйесі арқылы электронды форматта, арнайы әкімшілік деректер нысаны бойынша жолданады.

Сонымен қатар жеке тұлғалардың мүлкі туралы мәліметтерді ұсыну нысандары да жаңартылды. Оларға жеке мақсатта пайдаланылатын пәтерлер, жеке тұрғын үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары мен қоймалар жатады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр