Алматының жеке секторындағы үйлердің бірінің маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орын анықталды, деп хабарлайды qaznews.kz.
Астрахан көшесінің бойында, жол жиегінен ТОЗ-25 тегіс ұңғылы мылтығы табылған. Ол кесілген мылтыққа айналдырылған. Сонымен қатар тапаншаға ұқсас зат пен түрлі калибрдегі оқ-дәрілер тәркіленді.
Бұдан бөлек, жарық-дыбыс гранаталарын қоса алғанда, бірнеше граната және қауіп төндіруі мүмкін өзге де заттар табылған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.


