Шымкент қаласының орталығында су құбырын ауыстыру жұмыстары кезінде қайғылы оқиға болды. Салдарынан екі жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды qaznews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жекеменшік компанияда жұмыс істейтін 20-22 жастағы үш азамат құдыққа түскен. Алайда олар ұзақ уақыт бойы сыртқа шықпаған.
Мән-жайды байқаған әріптестері құдыққа түсіп, жұмысшыларды сыртқа алып шыққан. Олардың екеуі оқиға орнында қайтыс болды. Ал аман қалған үшінші азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар құдық ішінде жиналған газдан уланған болуы мүмкін.
Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады.


