АҚШ президенті Дональд Трамп 2009 жылы 13 әріптесін атып өлтірген бұрынғы әскери майор Нидал Малик Хасанға қатысты өлім жазасын орындауға рұқсат берді, деп хабарлайды qaznews.kz.
USA TODAY басылымының мәліметінше, Хасан ату жазасы арқылы өлім жазасына кесіледі. Бұл шешімді Трамп АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсеттің ұсынысы негізінде мақұлдаған.
Death Penalty Information Center дерегіне сәйкес, АҚШ-та әскери қызметкерлерге қатысты соңғы өлім жазасы 1961 жылы орындалған. Осылайша, бұл соңғы 60 жылдан астам уақыт ішіндегі алғашқы әскери өлім жазасы болмақ.
Нидал Малик Хасан АҚШ армиясында майор қызметін атқарған. Ол 2009 жылғы 5 қарашада Техас штатындағы Форт-Худ әскери базасында әріптестеріне оқ жаудырған.
Шабуыл салдарынан 13 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.
2013 жылы әскери трибунал Хасанды өлім жазасына кескен болатын.


