Сәрсенбі, 30 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпTikTok-та балағат сөз айтқан екі алматылық блогер бес тәулікке қамалды

TikTok-та балағат сөз айтқан екі алматылық блогер бес тәулікке қамалды

Алматыда TikTok желісінде әдепсіз әрі қорлайтын сөздер қолданған екі блогер әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды qaznews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Наурызбай аудандық полиция басқармасы әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында екі жігіттің бейнежазбасын анықтаған. Видеода олар боқауыз сөздер айтып, мұны әзіл ретінде көрсеткен.

Полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысушылардың кім екенін анықтады. Олар – 25 жастағы Ибраим Стамбеков пен 21 жастағы Абай Абдыханов.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, екі азамат та кінәлі деп танылды. Сот шешімімен оларға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

ІІМ өкілдері қоғамдық кеңістікте, оның ішінде әлеуметтік желілерде балағат және қорлау сипатындағы сөздерді қолдану заңмен жауапкершілік қарастырылған құқық бұзушылық екенін атап өтті.

Ведомствоның мәлімдеуінше, жарияланған контенттің әзіл немесе ойын-сауық форматында болуы оның авторларын жауапкершіліктен босатпайды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр