Сәрсенбі, 30 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпТоғызқұмалақтан VIII әлем чемпионатының қорытындысы

Тоғызқұмалақтан VIII әлем чемпионатының қорытындысы

Румынияның Бухарест қаласында 21–27 қыркүйек аралығында тоғызқұмалақтан VIII әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды qaznews.kz.

Әлемдік додаға 14 елден 80-нен астам спортшы қатысып, классика, рапид және блиц түрлері бойынша бақ сынады. Қазақстан құрамасы үш бағытта да ел намысын абыроймен қорғап, зияткерлік ойынның жоғары деңгейін көрсетті.

Чемпионатқа қатысқан барлық спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс айтамыз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Осындай халықаралық жарыстар тоғызқұмалақтың әлемге кеңінен танылуына жол ашады.

Тоғызқұмалақ федерациясының Бас серіктесі – @samrukkazyna_official
Тоғызқұмалақ федерациясының серіктесі – @sportqory

Румыния (Бухарест)

VIII Әлем чемпионаты, КЛАССИКА түрі бойынша

Ерлер арасында:

  • Темірлан Нұрбеков (Қырғызстан) — алтын
  • Алмас Тлегенов (Қазақстан) — күміс
  • Ассет Қайыржанов (Қазақстан) — қола
  • Баймбет Сейдахметов (Қырғызстан) — қола

Әйелдер арасында:

  • Ақбота Намаз (Қазақстан) — алтын
  • Адина Асеева (Қырғызстан) — күміс
  • Гүлнара Базаралиева (Қазақстан) — қола
  • Гүлжамал Сарыкеева (Қырғызстан) — қола

РАПИД түрі бойынша

Ерлер арасында:

  • Ерасыл Аутәліпов (Қазақстан) — алтын
  • Ермұхамед Алайдар (Қазақстан) — күміс
  • Сырттан Сыргак уулу (Қырғызстан) — қола
  • Егор Максимов (Украина) — қола

Әйелдер арасында:

  • Әсел Далиева (Қазақстан) — алтын
  • Ансаған Қожанасып (Қазақстан) — күміс
  • Азиза Жамансартова (Қырғызстан) — қола
  • Сара Гонсалес (Испания) — қола

БЛИЦ түрі бойынша

Ерлер арасында:

  • Ермұхамед Алайдар (Қазақстан) — алтын
  • Рахат Айтбаев (Қазақстан) — күміс
  • Жанбау Диас (Қазақстан) — қола
  • Биғали Зкрияев (Қазақстан) — қола

Әйелдер арасында:

  • Ансаған Қожанасып (Қазақстан) — алтын
  • Гүлнара Базаралиева (Қазақстан) — күміс
  • Гүлжанат Алдабергенова (Қазақстан) — қола
  • Әсел Далиева (Қазақстан) — қола
Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр