Жұма, 25 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпКаспийдегі трагедия: аман қалған сарбаздың жағдайы белгілі болды

Каспийдегі трагедия: аман қалған сарбаздың жағдайы белгілі болды

Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған жалғыз сарбаздың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды qaznews.kz.

2007 жылы туған әскери қызметкер Ақжол Теміралиев қайғылы оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген.

Блогер Азамат Сәрсенбаевтың әлеуметтік желідегі мәліметінше, сарбаздың жағдайы тұрақты. Ол өздігінен жүріп-тұрады, тамақтанады және сөйлесе алады.

Дәрігерлер қажетті ем-дом шараларын толық жүргізген. Енді Ақжол Теміралиевті оңалту және қалпына келтіру кезеңі күтіп тұр.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде бірнеше әскери қызметкер теңізге кетіп, қайғылы оқиға болған еді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр