Бейсенбі, 13 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚажылыққа жібереміз деп 37 адамды алдағандар сотталды

Қажылыққа жібереміз деп 37 адамды алдағандар сотталды

Астанада тұрғындарды қажылық сапарына апаруға уәде беріп, ірі көлемде ақша жинаған екі адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, олар Instagram әлеуметтік желісі арқылы Мекке мен Мәдина қалаларына қажылық сапарларын ұйымдастыратыны жөнінде хабарландыру жариялаған.

Алаяқтардың сөзіне сенген 37 азамат сапар шығындарын өтеу үшін қаражат тапсырған. Нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 60 миллион теңгеге жеткен. Алайда күдіктілер уәде еткен қызметтерін орындамай, жиналған ақшаны өз қажеттеріне пайдаланған.

Соттың шешімімен екі айыпталушы да төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бөлек, сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандырып, келтірілген материалдық шығынды өндіріп беру туралы шешім қабылдады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр