Дүйсенбі, 10 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпНұрай Серікбайдың ағасы күдіктіден 10 млрд теңге талап етуін түсіндірді

Нұрай Серікбайдың ағасы күдіктіден 10 млрд теңге талап етуін түсіндірді

Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбайдың жақындары күдіктіден 10 млрд теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етті. Марқұмның ағасы Сұлтан бұл соманың не үшін таңдалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Оның айтуынша, талаптың астарында әрі құқықтық, әрі адамгершілік ұстаным жатыр.

«Заң тұрғысынан қарағанда, мұндай көлемдегі талап сотталушының жауапкершілігін күшейтеді. Өтемақы толық өтелмейінше, оның мерзімінен бұрын босап шығуына немесе жазасын жеңілдетуге қатысты мәселелер туындауы қиындайды. Дегенмен түпкілікті шешімді сот қабылдайды», – деді ол.

Сұлтанның сөзінше, жәбірленуші тарап өтемақы көлемін өз қалауынша көрсетуге құқылы болғандықтан, отбасы өздері орынды деп санаған соманы талап еткен.

«Бірақ шын мәнінде ешқандай қаржы Нұрайды қайтарып бере алмайды. Біз үшін адамның өмірі материалдық құндылықпен өлшенбейді. Сондықтан бұл жерде мәселе ақшада емес. Біз жақын адамымыздан айырылудың ауыртпалығын көтеріп жүрсек, айыпталушы да өз әрекетінің салдарын сезінуі керек», – деді марқұмның ағасы.

Ол сондай-ақ талап етілген өтемақы өндірілген жағдайда, қаржы жеке мақсатқа жұмсалмайтынын айтты. Оның сөзінше, қаражаттың бір бөлігі сталкингтен зардап шеккен қыз-келіншектерге көмек көрсетуге, сондай-ақ әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға бағытталмақ.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр