Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады QazNews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.
Президент жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.Еске салайық, бұған дейін Қытайда апаттан бірнеше адам қаза тапқаны туралы БАҚ-тар жазған еді.


