Бейсенбі, 14 мая, 2026
spot_img
Басты бетӘлем«Мен бәріне дайынмын»: Ермактың балгермен хат алмасуы сотта жария болды

«Мен бәріне дайынмын»: Ермактың балгермен хат алмасуы сотта жария болды

 

Украинада бұрынғы президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермактөңірегіндегі дау жаңа сипат алды. Киев сотында оның қара магиямен айналысатын балгермен хат алмасқаны жария етілді. Тергеу материалдарына сәйкес, Ермак сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың жетекшілеріне «қарғыс» жасатуға әрекеттенген болуы мүмкін, деп жазады “Украинская правда” баслымына сілтеме жасаған QazNews.kz

Іс материалдарында Ермактың балгер Вероника Аникеевичпен бірнеше ай бойы байланыста болғаны айтылады. Сол хаттардың бірінде балгер саясаткердің әрекетсіздігін сынап, жағдайдың ушығып бара жатқанын ескерткен.

«Сіздерге психологиялық қысым жасалып жатыр. Жағдай қиындап барады, бірақ сіздер үнсізсіз отырсыздар. Сіз әрекетке көшу үшін не істеу керекпіз? Егер осылай жалғаса берсе, олар сіздерді толықтай жояды», – деген балгер.

Оған жауап ретінде Ермак бірнеше адамның есімін атап, былай деген:

«Фиала, “Украинская правда”, Ткач, Мусаева, Железняк, Арахамия, Гончаренко. Мен бәріне дайынмын. Кез келген қадамға барамын. Керек болса ертең-ақ дайынмын»,– деп балгерге жауабында қысқа қайырады.

Кейін балгер оған аяқасты қамауға алынудан қорықпауға кеңес берген. Оның сөзінше, қазіргі жағдайда Ермактың «қамқор досы» бар, сондықтан ол қарсыластарына соққы жасауға моральдық әрі заңдық тұрғыдан мүмкіндік алады деген ақпараттар болған. Сонымен қатар айыптаушылар Ермактың жеке жүргізушісі де балгерге қосымша есімдер жіберіп отырғанын мәлімдеді. Аталған тізімде Украинадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандандырылған прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро басшыларының есімдері болған.

Атап айтқанда, құжаттарда Александр Клименко мен Семен Кривоностуралы жазылғаны айтылды. Қазіргі таңда Ермак заңсыз жолмен алынған мүлікті заңдастыру ісі бойынша күдікке ілінген. Ал жария болған бұл хаттар Украина қоғамында үлкен резонанс туғызып отыр. Сарапшылардың пікірінше, егер аталған деректер расталса, бұл іс елдегі саяси элита арасындағы текетірестің қаншалықты ушығып кеткенін көрсетеді, деп жазады жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр