Жұма, 2 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпПара үшін берілген 27 млн теңге мемлекетке тәркіленді

Пара үшін берілген 27 млн теңге мемлекетке тәркіленді

Шенеуніктерге пара беру үшін жиналған 27 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Іс материалдарына сәйкес, заңгерлік қызмет көрсеткен қазақстандық әйел екі азаматтан олардың мәселесін шешу үшін лауазымды тұлғаларға беремін деген сылтаумен 7 млн және 20 млн теңге алған. Алайда сот мәліметінше, ол ақшаны ешкімге беруді жоспарламаған және қаражатты өз пайдасына жаратқан.

Сот әйелді алаяқтық және пара беруге итермелеу баптары бойынша кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Алғашқы үкімде одан алынған ақшаны клиенттеріне қайтару міндеті де жүктелген болатын.

Алайда кассациялық сот бұл шешімді өзгертті. Сот алқасының пайымынша, екі азамат та қаражатты өз еркімен берген және оның пара ретінде пайдаланылатынын білген. Осыған байланысты олар жәбірленушілер мен азаматтық талапкерлер қатарынан шығарылды.

Нәтижесінде сотталған әйелден 27 млн теңге мемлекет кірісіне өндірілді. Ал жеті жылдық бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалдырылды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр