Жексенбі, 29 марта, 2026
spot_img
Басты бетQAZNEWS TV«Бұтақты» визит-орталығы: Іле Алатауында жаңа туристік бағыт ашылды

«Бұтақты» визит-орталығы: Іле Алатауында жаңа туристік бағыт ашылды

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына орай парктің аумағында жаңа «Бұтақты» визит-орталығы салтанатты түрде ашылды. Жоба тұрақты туризмді дамыту және туристік инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында жүзеге асырылды, деп жазады QazNews.kz.

Жобаны «Туранга Групп» компаниясы мен «Іле Алатауы» ұлттық паркі бірлесіп іске асырды. Ал маркетингтік оператор ретінде QazaqNationalParks қызмет атқарады. Ашылу салтанатына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев қатысты.

Жаңа визит-орталық келушілерге арналған заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Кешен құрамында визит-орталық ғимараты мен кафе бар. Мұнда қоғамдық дәретханалар, тамақтану орны, шеберлік сабақтары мен тимбилдинг өткізуге арналған алаңдар, сондай-ақ білім беру және мәдени бағдарламалар қарастырылған.

Жоба аясында 8,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 200 тұрақты жұмыс орны құрылған. Оның ішінде «Бұтақты» визит-орталығында 20 жаңа жұмыс орны ашылды.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары ұлттық парктерге келушілер саны айтарлықтай артқан. Мысалы, Іле Алатауы ұлттық паркінде 2019 жылы 300 мың адам болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 950 мыңға жеткен.

Алдағы уақытта Үлкен Алматы көлі аумағында тағы бір визит-орталық салу жоспарланып отыр. Жаңа нысан экологиялық туризмді дамытуға және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр