Бейсенбі, 19 марта, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарСәтбаев университеті студенттері Наурызда экологиялық акция ұйымдастырды

Сәтбаев университеті студенттері Наурызда экологиялық акция ұйымдастырды

Сәтбаев университетінің студенттері Наурыз мейрамы аясында университет аумағында ағаш отырғызу акциясын өткізді. Іс-шараны SDG Satbayev студенттік ұйымы ұйымдастырып, жастар табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты, деп жазады QazNews.kz

Акция барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жауапкершілік және тұрақты даму қағидаттары туралы пікір алмасты. Шараға университет өкілдері де қатысып, Алматы қаласындағы экологиялық жағдайдың өзектілігін атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама – тұрақты дамуға бағытталған жобалардың бір бөлігі. Қазіргі таңда SDG Satbayev ұйымының құрамында 70-ке жуық студент бар, олар экология, білім және әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда.

Мұндай акциялар жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып қана қоймай, қоғамда экологиялық сананы қалыптастыруға ықпал етеді. Студенттердің бұл бастамасы Наурыздың жаңару мен жасампаздық мәнін айқындай түсетін маңызды қадам болды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр