Сейсенбі, 17 марта, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстандықтар жаңа Конституцияны қолдады: референдумның қорытындысы жарияланды

Қазақстандықтар жаңа Конституцияны қолдады: референдумның қорытындысы жарияланды

Елде өткен республикалық референдумның ресми қорытындылары жарияланды. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың басым бөлігі жаңа Конституция жобасын қолдады, деп жазады QazNews.kz

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумның қорытынды нәтижелері белгілі болды.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге 9 127 192 азамат қатысқан. Бұл — сайлаушылардың жалпы санының 73,12%-ын құрайды.

Нәтижесінде, қатысушылардың басым бөлігі ұсынылған өзгерістерді қолдаған. Атап айтқанда, 7 954 667 адам немесе 87,15% азамат «иә» деп дауыс берген.

Айта кетейік, бұл көрсеткіш халықтың жаңа Конституцияға деген жоғары қолдауын білдіреді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр