Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды, деп жазады QazNews.kz
«Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.


