Дүйсенбі, 2 февраля, 2026
spot_img
Басты бетДенсаулықTikTok-та өзін «емші» ретінде таныстырған астаналық тұрғын сотталды

TikTok-та өзін «емші» ретінде таныстырған астаналық тұрғын сотталды

Астана қаласының тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісінде өзін «емші» ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметтерін ұсынған аккаунт ашқан,  деп жазады QazNews.kz

Әлеуметтік желілер арқылы жәбірленушілердің бірінің денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін білген ол, өзін ерекше қабілеттерге ие тұлға ретінде көрсетіп, белгілі бір ақыға «емдеу» қызметін көрсете алатынына сендірген.

Осылайша, кінәлі 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 млн теңгеден асатын ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, оны букмекерлік кеңселерде ставка жасауға жұмсаған.

Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеген.

Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр