Жұма, 30 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарОтбасылық жанжал қайғылы аяқталды: Жаңаөзенде жеті баланың анасы қаза тапты

Отбасылық жанжал қайғылы аяқталды: Жаңаөзенде жеті баланың анасы қаза тапты

Жаңаөзенде жеті баланың анасы қаза тапты,  деп жазады QazNews.kz

Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәліметінше, 29 қаңтарда Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 44 жастағы әйел көз жұмған.

«Марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді өңір полициясы.

Алдын ала мәлімет бойынша жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде туындаған.

«Бұл дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр