Сәрсенбі, 2 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпТоқаев пен Путин ШЫҰ саммиті аясында кездесті

Тоқаев пен Путин ШЫҰ саммиті аясында кездесті

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Кездесу барысында Ресей басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті құттықтауы үшін алғыс айтып, елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар жөнінде ақпарат берді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған келісімдерді жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстар қарқынды дамып келеді. Ол Ресейдің Қазақстан үшін негізгі инвестициялық және сауда серіктестерінің бірі екенін айтты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен алдағы бірлескен жобаларды талқылады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр