Сейсенбі, 27 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпTikTok-та балағат сөздер айтқан ақтөбелік ер адам қамауға алынды

TikTok-та балағат сөздер айтқан ақтөбелік ер адам қамауға алынды

Ақтөбеде ер адам TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды qaznews.kz.

Полиция қызметкерлері TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтады. Ол — 42 жастағы Абдулла Қоңырбаев болып шықты.

Сот шешімімен ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Полиция ескертеді: әлеуметтік желілер — бұл қоғамдық кеңістік. Тікелей эфир заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр