Сейсенбі, 27 октября, 2026
spot_img
Басты бетӘлемСауд Арабиясы мұнайын Сингапурдағы жер асты қоймасында сақтайды

Сауд Арабиясы мұнайын Сингапурдағы жер асты қоймасында сақтайды

Сауд Арабиясы мұнайын Сингапурдың жер астындағы арнайы қоймаларында сақтауды жоспарлап отыр. Екі ел арасындағы келісім 2027 жылдың екінші жартысынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Бұл туралы Сингапурдың Энергетика министрлігі хабарлады.

Мұнай сыйымдылығы 9 миллион баррель болатын Jurong Rock Caverns қоймасына орналастырылады. Бұл көлем Сингапурдың алты күндік мұнай тұтынуына шамалас.

Әлемдік энергетика нарығындағы тұрақсыздық жағдайында мұнай қорын қауіпсіз жерде сақтау мәселесі өзекті болып отыр. АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттері аясында Ормұз және Баб-эль-Мандеб бұғаздарындағы кеме қатынасына байланысты туындаған қиындықтар мұнай тасымалына әсер етуде.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр